• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

АҚШ-тағы қазақстандықтардың саны қанша - CІМ өкілі жауап берді

АҚШ-тағы қазақстандықтардың саны қанша - CІМ өкілі жауап берді
Фото: depositphotos.com

АҚШ-тың консулдық тізімінде 25 мың қазақстандық тұр. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәжіліс кулуарында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан азаматтары Сыртқы істер министрлігіне немесе елшілікке жүгінген жоқ. Аталған мәселе бақылауға алынды. Жақында ғана елшілік АҚШ аумағында жүрген қазақстандықтарға бұл елде миграциялық заңнама қатаңдатылып жатқаны туралы үндеу жариялады. Азаматтарымыз хабардар. Бұл норма визалық тәртіпті бұзған адамдарға ғана қатысты. Консулдық есепте тұрған қазақстандықтардың саны шамамен 25 мың адам бар. Тіркелмеген қазақстандықтардың бар-жоғы туралы айта алмаймын. Себебі қазіргі таңда Қазақстан азаматтары АҚШ-тан шығарылатыны туралы ақпарат келіп түспеді", - деді вице-министр.

Айта кетейік, 27 қаңтар күні Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі шекаралардың қауіпсіздігін нығайтуға және заңсыз көші-қонды қысқартуға бағытталған АҚШ-тың көші-қон саясаты қатаңдауына байланысты мәлімдеме жасаған болатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Бақдаулет