АҚШ-та ұшақ қатты қону кезінде өртеніп кетті

АҚШ-та ұшақ қатты қону кезінде өртеніп кетті
Фото: Видео кадры

Америкалық Frontier Airlines әуекомпаниясының ұшағы Лас-Вегастағы (Невада) Гарри Рид халықаралық әуежайына қонған кезде өртенді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видеолардан ұшақтың дөңгелегі ұшу-қону жолағына тиген кезде түбінен жалын мен қалың түтін шыққанын көруге болады. 

CBS News мәліметінше, оқиға орнына өртсөндіру көліктері мен басқа да шұғыл қызметтер дереу келгенімен, түтін әуе кемесін орауды жалғастыра берді.

"Frontier 1326 рейсінің ұшағы қатты қонды", – деп растады әуежай өкілі.

Кларк округінің өртсөндіру бөлімі дереу әрекет етіп, барлық жолаушы мен экипаж мүшелері терминал аймағына аман-есен жеткізілгені түсіндірілді. Зардап шеккендер туралы есеп жоқ.

Бұл рейс Сан-Диегодан ұшқаны анықталды.

"Ұшқыштар түтін ошағын тауып, төтенше жағдай жариялады", – деп растады Frontier әуекомпаниясының өкілі.

Оқиғаның себебі зерттеліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә