АҚШ Конгресінің Демократиялық партиядан сайланған өкілі Эйприл Макклейн Делэйни Венесуэладағы операцияға байланысты ел президенті Дональд Трампқа импичмент жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости-ке сілтеме жасап.
"Президенттің тағы да өз өкілеттігінен асып түсіп, тепе-теңдік жүйесін әлсіретіп жатқанын көріп, үнсіз отыра алмаймын", – деді Мэриленд штатынан сайланған демократ.
Делэйнидің айтуынша, Ақ үй басшысы АҚШ Конституциясы талап ететіндей, Конгрестің санкциясынсыз әрекет еткен. Сондай-ақ, ол президент Николас Мадуроны қолға түсіргеннен кейін Венесуэланы басқаруға ниетті екенін мәлімдегенін айтты.
Трамп әкімшілігінде операция ордерді орындау сипатына ие болғанын, оны президенттің бас қолбасшы ретіндегі өкілеттіктері негізінде жүргізгенін мәлімдеген.
Конгрестегі демократтар Ақ үйдің әрекеттерін сынға алып, заң шығарушылар тарапынан алдын ала хабарлау да, рұқсат та болмағанын көрсетті.
Контекст
Сенбіге қараған түні Каракаста жарылыстар болды. Президент Дональд Трамптың айтуынша, АҚШ Венесуэла астанасына ауқымды соққы жасаған, ал Мадуро мен жұбайы ұсталып, елден шығарылған. Болжам бойынша, оларды алдымен АҚШ-тың Гуантанамо әскери базасына жеткізген, одан кейін Нью-Йоркке ұшырылып, Бруклиндегі тергеу изоляторына қамаған.
Каракастағы билік АҚШ шабуылының мақсаты – Венесуэланың минералдық ресурстары мен мұнайына бақылау орнату деп санайды. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш АҚШ операция кезінде халықаралық құқық нормаларын сақтамағанын мәлімдеді.
Бұған дейін Нью-Йорк соты Венесуэла президенті ісі бойынша алғашқы отырысты аяқтады. Оған "наркотеррористік қызметпен байланысты сөз байласу, кокаин контрабандасы, пулеметтер мен жарылғыш құрылғыларды сақтау және оларды Штаттарға қарсы қолдану мақсатындағы сөз байласу" айыптары тағылып, төрт мәрте өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына дейін қаупі бар. Мадуро өз кінәсін мойындаудан бас тартты. Судья саясаткерді 17 наурызда сот тыңдауына келуге міндеттеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz