АҚШ-та жазушы Мұхтар Мағауиннің бейітінің басына құлпытас қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Вашингтонда тұратын қазақстандық Сапарбек Нағашыбеков әлеуметтік желіде жазды.
"Бүгін Вашингтонда қазақтың ұлы жазушысы, зерттеушісі әрі тарихшысы Мұхтар Мағауиннің бейітінің басына құлпытас орнатылып, Америкадағы Мұхтар Мағауин атындағы Қазақ ұлттық мәдени-ағарту орталығының ресми таныстырылымы өтті. Мұхтар Мағауин бүкіл саналы ғұмырын қазақ халқына арнады. Ол 85 жасқа келгенше 27 томдық еңбегін жазып, қазақтың бес ғасырлық тарихын рухани тұрғыда түгендеп берді. Болашақ ұрпақ атамыздың ұлы еңбегін әлі талай бағалайтыны сөзсіз", - деді ол.
Еске салайық, 2025 жылы қаңтарда Халық жазушысы Мұхтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Мұхтар Мағауин - жазушы, қазақ әдебиетін зерттеуші ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның Халық жазушысы (1996).
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз