АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, заңды көші-қон мәртебесі болмауына байланысты Қазақстан азаматын Флорида штаты аумағында АҚШ иммиграция қызметінің қызметкерлері ұстап алған.
"Қазақстандық дипломаттар консулдық көмек көрсету мақсатында АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен және ұсталған азаматтың отбасымен байланыс орнатқан", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!