АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адам өлі табылды - СІМ

АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адам өлі табылды - СІМ
Фото: threads.com/@bostonglobe

АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның сүйегі табылған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, дипломаттар АҚШ-тағы әріптестерімен және жоғалған азаматтың туыстарымен байланыста. 

"Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзыретті органдарынан Қазақстан азаматы Ә.Құралбай болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. Қазір америкалық тарап қажет рәсімдерді жүргізіп жатыр. Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзыретті органдарымен және азаматтың туыстарымен байланыста болып, консулдық көмек көрсетіп жатыр", - деді Ерлан Жетібаев.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та екі апта бұрын жоғалып кеткен Қазақстан азаматы іздестіріліп жатқаны хабарланды. Кейінірек Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Чикагода Әсет Құралбай есімді жігіт жоғалып кеткенінен хабардар екенін мәлімдеді. 

24 жастағы Әсет Құралбай Чикаго ауданында (Ford Heights, Illinois) тұрған. Ол соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан. 7 маусымнан бастап телефоны байланыссыз болған. Құжаттары мен банк карталары үйде қалған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget