АҚШ-та жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық азамат өлі табылғаны расталды

Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та жоғалып кеткен 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбай қаза тапқанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Америка Құрама Штаттарының құзырлы органдары бұған дейін табылған сүйек кімдікі екенін анықтаған. Қаза тапқан адам Қазақстан азаматы Әсет Құралбай болып шықты.

"Ауыр қазаға байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - деп жазылған министрлік хабарламасында.

Қазір қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та екі апта бұрын жоғалып кеткен Қазақстан азаматы іздестіріліп жатқаны хабарланды. Кейінірек Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Чикагода Әсет Құралбай есімді жігіт жоғалып кеткенінен хабардар екенін мәлімдеді. 

24 жастағы Әсет Құралбай Чикаго ауданында (Ford Heights, Illinois) тұрған. Ол соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан. 7 маусымнан бастап телефоны байланыссыз болған. Құжаттары мен банк карталары үйде қалған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!