АҚШ-та USAID қызметкерлері жаппай жұмыстан қысқара бастады

АҚШ-та USAID қызметкерлері жаппай жұмыстан қысқара бастады
Фото: depositphotos.com

USAID қызметкерлері жаппай жұмыстан қысқаратыны жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тиісті мәлімдеме АҚШ үкіметінің сайтында жарияланған.

"Миссияның маңызды функцияларына, негізгі басшылыққа және/немесе арнайы бағдарламаларға жауапты қызметкерлерді қоспағанда, барлық USAID қызметкері бүкіл әлем бойынша әкімшілік демалысқа жіберіледі. Бір уақытта USAID штатты қысқарту процесін бастайды (Reduction-in-Force), бұл АҚШ-та лауазымды міндеттерге ие шамамен 1600 USAID қызметкеріне әсер етеді", - деп жазылған хабарламада.

Қысқартылатын қызметкерлер өз құқығы мен жеңілдіктер туралы жеке хабарламалар алатыны айтылды.

Маңызды лауазымдарға тағайындалған, жұмысты жалғастыруы қажет қызметкерлер де басшылықтан ресми хабарлама алады.

"USAID АҚШ-тан тыс жерде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін агенттік есебінен ерікті түрде Отанына оралу бағдарламасын, сондай-ақ, басқа да өтемақыларды төлеуді ұсынуды жоспарлап отыр. USAID агенттігі шетелдік қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттеледі. Отанына оралғанға дейін қызметкерлер агенттік жүйелеріне, дипломатиялық және басқа да ресурстарға қол жеткізе алады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 5 ақпанда АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) қызметкерлерге жаһандық әкімшілік демалыс жариялады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget