Елімізде атом электр станциясын салуға қатысты қызу талқы жүріп жатыр. Осыған орай, 6 қазанда елімізде референдум өтпек. Дамыған және дамушы елдерде қанша АЭС бар? Бұл елдердің тәжірибесі қандай? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.
Президент мәліметінше, қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр станциясы жұмыс істеп тұр.
"Біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етіп жатыр. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр станциясы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет, - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Factcheck.kz басылымы Eeseaac.org ақпараттық-сараптама сайтының есебіндегі деректерді келтірген еді. Онда әлемде 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 170 атом электр станциясы жұмыс істегені, тағы тоғызы SO режимінде, яғни жұмысын тоқтатқаны айтылған.
"Бір қызығы, МАГАТЭ деректер базасында атом электр станциялары емес, атом реакторларының саны туралы статистиканы ұсынады. Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың сайтында атом электр станциялары Тайваньды қосқанда 31 елде жұмыс істейді деп жазылған. МАГАТЭ сайтындағы 2023 жылғы Country Nuclear Power Profiles есебінің сипаттамасында атом электр станцияларын пайдаланатын 30 ел (мүмкін Тайваньды қоспағанда) туралы жазылған", - делінген хабарламада.
АҚШ-тың eia.gov энергетика туралы ақпарат беретін ресми сайтында 28 штатта 94 ядролық реакторы бар 54 атом электр станциясы бары айтылған.
Жұмыс істеп тұрған 54 атом электр станциясының 19-ында бір реактор, 31-де екі реактор, 4-те үш реактор, 1-де төрт реактор бар.
АҚШ-тағы ең көне АЭС - Нью-Йорк штатындағы Nine Mile Point. Ол 1969 жылғы желтоқсанда тұрғызылған. Ал ең жаңасы - Джорджиядағы Альвин Фогтл электр өндіру зауытындағы Vogtle блогы. Ол 2024 жылғы 29 сәуірде іске қосылған.
Ашық дереккөз бойынша, Францияда 23 АЭС бар. Франциядағы электр энергиясының 70 пайызы атом энергиясын өндіреді. 2020 жылғы жағдай бойынша Францияда 56 өндірістік ядролық реактор бары айтылды. Франция - әлемдегі ең ірі электр энергиясын экспорттаушы.
Францияда атом электр энергиясын өндіру бірқатар факторға байланысты. Біріншіден, елде энергетикалық ресурстар, мұнай, газ және көмір аз, сондықтан ЖЭС салу аса тиімді емес. Екіншіден, көмір - өнімсіз және лас отын. Оған қарағанда уран, тіпті газ тиімдірек.
Сонымен қатар, Францияның бұрынғы колониялары Нигер мен Чадта уран кен орындары бар.
Әлемдегі ең ірі атом электр станциясы - Кашивазаки-Карива АЭС. Ол 1997 жылы Жапонияның Кашивазаки қаласында, Ниигата префектурасында салынған. Оның 5 қарапайым және 2 жетілдірілген реакторы бар.
Бұған дейін ең ірі атом электр станциясы ретінде Жапониядағы Фукусимада салынған АЭС болатын. 2011 жылғы наурызда Жапонияда 9 балдық жер сілкінісі, кейін цунами болады. Салдарынан АЭС-ті су басып, бірнеше реактор істен шығып жарылады. Апат нәтижесінде
Ашық дереккөздегі мәліметке сәйкес, бір атом блогын салу үшіі шамамен 8 миллиард доллар, шамамен 3 триллион 800 миллиард теңге қажет.
Айта кетейік, АЭС құрылысына қатысты референдум 6 қазанда өтетін болды. Науқанды өткізуге бюджеттен 15,5 миллиард теңге бөлінуі мүмкін. Референдум қалай өтетіні туралы толығырақ мына сілтемеден оқи аласыздар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!