- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- санкция туралы
АҚШ Солтүстік Корея мен Ресейге тағы да санкция салды
АҚШ Пхеньянның қаржылық қызметіне және КХДР Мәскеуге көрсететін әскери қолдауға қарсы Солтүстік Корея мен Ресейге жаңа санкциялар салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Америка үні" басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы Қаржы министрлігінің мәлімдемесінде айтылған.
"Ким Чен Ын режимінің арандату әрекеттері, соның ішінде құрлықаралық баллистикалық зымыранның соңғы сынағы және Ресейге әскери қолдау күшеюі аймақтағы тұрақтылыққа нұқсан келтіреді", - деді елдің қаржы министрінің терроризм және қаржылық барлау жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Брэдли Т.Смит.
Материалда Солтүстік Корея банктеріне, жоғары лауазымды әскерилерге және басқа да шенеуніктерге, сондай-ақ ресейлік мұнай тасымалдау компанияларына бағытталған санкциялар АҚШ-тың Солтүстік Кореяның Ресейге көрсеткен қолдауын тоқтату жөніндегі соңғы қадамы екені айтылады.
Санкция салынған Солтүстік Корея банктерінің қатарына Golden Triangle Bank және Korea Мandal Credit Bank кіреді.
Еске салайық, бұған дейін Ресей мен Беларуське салынған санкция салдарынан Қазақстан Балтық елдерімен келісімге келгені хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова