АҚШ билігі Ресейде жүрген азаматтарына шұғыл үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі АҚШ-тың Ресейдегі елшілігі мен консулдығына сілтеме жасап.
"АҚШ азаматтары Ресейге бармауы керек. Ал елде тұрып жатқандар немесе елде қыдырып жүрген азаматтар тез арада Ресейден кетуі керек. Мемлекеттік департамент travel.state.gov сайты арқылы коммерциялық сапарлар туралы ақпарат береді. Бұл сайт, сонымен қатар, көрші елдерге кіруге қойылатын талаптар, кейбір жағдайларда АҚШ-тың мерзімі өткен төлқұжаттарына кіру рәсімдері және АҚШ пен Ресей азаматтары болып табылатын отбасы мүшелері бар отбасылар үшін визалық талаптар туралы ақпаратты ұсынады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!