- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АҚШ Ресей әрекетін...
АҚШ Ресей әрекетін геноцид деп тани ма? Украинадағы қазіргі жағдай
Украина президентінің әйелі АҚШ-қа барды. Ал АҚШ тарапы Ресей әрекетін геноцид деп тану туралы қарар дайындады. Украинадағы кейінгі жағдай қандай болып жатыр? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.
Киев астық экспорттау талаптарын айтты
Түркияда бүгін Украина астығын экспорттау бойынша келіссөз өтеді. Тараптар - Украина, Ресей, Түркия, БҰҰ. Киев шарты орындалса, олар қорытынды келісімге қол қояды. Бұл туралы Украина СІМ спикері Олег Николенко мәлімдеді.
©REUTERS
Оның сөзінше, бұл құжатта тараптардың Қара теңіздегі экспорт маршруттарының қауіпсіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттемелері жазылады.
Түркияның Коммуникация басқармасының мәліметінше, Украинадан астық экспорттау туралы келісімге қол қою жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30-да Ыстамбұлдағы Долмабахче сарайында өтеді.
Харьковтегі атыс
Харьковтегі адам ең көп қоныстанған аудандардың бірінде атыс болды. Бұл туралы Игорь Терехов айтты.
©REUTERS
Аймақтық прокуратура мәліметінше, 3 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алған. Ал Ресей бейбіт тұрғындарға соққы жасалғанын жоққа шығарған.
Никополде жарылыс болды
22 шілдеге қараған түні Днепропетровск облысы Никополде жарылыс болды. Бұл туралы Никополь аудандық әскери әкімшілігінің басшысы Евгений Евтушенко мәлімдеді. Оның айтуынша, реактив өрт жүйелерінен атқыланған.
⚡️Fire in Nikopol after Russian shelling. Video from subscribers. https://t.co/vgivWs8MgY pic.twitter.com/SXmiRDsWPl
— Flash (@Flash43191300) July 21, 2022
Украинадағы соғыс қимылдарының жаңа картасы жарияланды
Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі Украинадағы соғыс картасын жаңартты. Картаға сәйкес, ең қиын жағдай Донбасста.
The illegal and unprovoked invasion of Ukraine is continuing.
— Ministry of Defence ?? (@DefenceHQ) July 21, 2022
The map below is the latest Defence Intelligence update on the situation in Ukraine - 21 July 2022
Find out more about the UK government's response: https://t.co/skKj7id7Rr
?? #StandWithUkraine ?? pic.twitter.com/G8uab8Nldz
"Ресей электр станциялар сияқты маңызды ұлттық инфрақұрылымды басып алуға басымдық береді. Сонымен қатар, Углегорск ЖЭС-ке кіруге тырысады", - делінген хабарламада.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің (MI6) құпия барлау қызметінің басшысы Ричард Мурдың айтуынша, Ресей әскери күштері алдағы аптада Украинада кідіріс жасауы мүмкін, бұл Киевке кері соққы беруге мүмкіндік туғызады.
"Ресейліктерге келесі бірнеше апта ішінде жеке құрам мен техниканы ауыстыру қиынға соғады. Олар тоқтауға мәжбүр болады, бұл украиналықтарға кері соққы беруге мүмкіндік туғызады", - деді ол Aspen Security форумында сөйлеген сөзінде.
АҚШ Ресейдің Украинадағы әрекетін геноцид ретінде тануы мүмкін
АҚШ-тың жоғары дәрежелі сенаторларының екіжақты тобы жоғарғы палатада Ресейдің Украинадағы әрекеттерін Украина халқының геноциді деп тану туралы қарар жобасын ұсынды. Құжат мәтіні АҚШ Сенатының Халықаралық қатынастар комитетінің ресми сайтында жарияланған.
Бірінші ханымның АҚШ-қа сапарының нәтижесі бар - Зеленский
Ж. Қадыржанова"Бірінші ханымның АҚШ-қа сапарының алғашқы нақты нәтижесі - сенаторлар Ресейдің Украинадағы әрекетін геноцид деп тану туралы қарар жобасын ұсынды. Резолюцияда Ресейдің Украинадағы әрекеттері, соның ішінде Ресей Федерациясына мәжбүрлеп жер аудару және украиналықтарды мақсатты түрде өлтіру Украина халқына қарсы геноцид екені атап өтілді", - деді Украина президенті Владимир Зеленский бейнехабарламада.