- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АҚШ радиацияға қарсы...
АҚШ радиацияға қарсы жаңа препаратты адамдарға сынауды бастады
АҚШ-та адам ағзасынан зиянды радиоактивті заттарды кетіруге арналған жаңа препарат сынақтан өтіп жатыр.
BBC мәліметі бойынша, қырыққа жуық ерікті HOPO 14-1 әртүрлі дозаларын қабылдайды. Дәрігерлер жанама әсерлердің дамуын және еріктілердің денсаулығын бақылайды.
Калифорнияда орналасқан SRI International халықаралық институтының зерттеу жетекшілері бірінші кезеңнің нәтижелері 2024 жылы шығатынын хабарлады.
Басылым атап өткендей, адамдарға радиоактивті плутонийден, америцийден немесе курийден қалпына келтіруге көмектесетін екі инъекциялық препарат әзірленді.
Радиациялық қорғаныс үшін йод таблеткаларын қолдану бірнеше жылдан бері белгілі. Ғалымдар 1986 жылы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттан кейін адамдарға йод таблеткасын берді.
Тағы бір препарат - калий гексацианоферраты адам ағзасынан радиоактивті цезий мен таллийді кетіруге көмектеседі.
HOPO 14-1 тиімді болса, плутоний, америций және курийден басқа, адамдарды "лас бомба" деп аталатын қаруды жасауда қолданылатын уран мен нептунийден улагудан алдын алады. Егер антидот тиімді болса, ол адамдарды ядролық апаттардан немесе лаңкестік шабуылдардан қорғайды.
Т. Раушанұлы