- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АҚШ "Путиннің аспазы"...
АҚШ "Путиннің аспазы" туралы ақпаратқа сыйақы берілетінін жариялады
АҚШ Мемлекеттік департаменті АҚШ сайлауына шетел араласқаны туралы ақпаратқа 10 миллион долларға дейін сыйақы берілетінін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Марапат кез келген шетелдікті, соның ішінде АҚШ сайлауына саналы түрде қатысқан немесе араласқан шетелдік тұлғаны анықтауға көмектесетін ақпаратқа беріледі. Ол мемлекеттік Әділет департаментінің "Әділет үшін сыйақы" (Rewards for Justice) бағдарламасында қарастырылған.
"Департамент "Интернет-зерттеулер агенттігі" ЖШҚ (IRA), Евгений Викторович Пригожин және олармен байланысты ресейлік ұйымдар мен серіктестерінің АҚШ сайлауына араласқаны туралы ақпарат іздейді.
IRA - саяси жағдайға және сайлауға араласумен айналысатын ресейлік ұйым. 2014 жылы IRA АҚШ-тың саяси жүйесіне, оның ішінде 2016 жылы АҚШ-тағы президенттік сайлауға араласу операциясын бастады, стратегиялық мақсат - алауыздықты тудыру. IRA бірнеше ресейлік компания арқылы жұмыс істеді, соның ішінде "Интернет зерттеулер" ЖШҚ, "МедиаСинтез" ЖШҚ, "Главсеть" ЖШҚ, "МиксИнфо" ЖШҚ, "Азимут" ЖШҚ және "НовИнфо" ЖШҚ", - делінген ведомство сайтында.
Мемлекеттік департамент мәліметінше, Евгений Пригожин Ресей азаматы, ол өзі басқаратын "Конкорд Менеджмент и Консалтинг" ЖШҚ және "Конкорд Кейтеринг" ("Конкорд") компаниялары арқылы IRA-ны қаржыландырған.
АҚШ Мемлекеттік департаменті IRA, Евгений Пригожин және олармен байланыстырылған ресейлік ұйымдар немесе сайлауға араласуға қатысы бар тұлғалар туралы ақпараты бар кез келген адамды Rewards for Justice кеңсесіне хабарласуға шақырады.
Rewards for Justice - АҚШ Мемлекеттік департаментінің дипломатиялық қауіпсіздік қызметі басқаратын бағдарлама. 1984 жылы құрылғаннан бері АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатерді жоюға көмектесетін ақпарат берген дүниежүзіндегі 125-тен аса адамға 250 миллион доллардан аса ақша төлеген.
Евгений Пригожин - ресейлік кәсіпкер, ресторатор, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының иесі. Пригожиннің компаниясы Ресейде мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларға тамақ дайындаумен айналысқан, соның арқасында оны БАҚ-та "Путиннің аспазы" деп атайды.
Ж. Қадыржанова