АҚШ президенті Трамп Тоқаевқа “кілт“ сыйлады

АҚШ президенті Трамп Тоқаевқа “кілт“ сыйлады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президентіне Ақ үйдің символикалық кілтін сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов президент Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелесті. Америка басшысы биыл қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерін бөлісті.

Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан Президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты "халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам" деп сипаттады.

АҚШ президенті Мемлекет басшысына сый-сыяпат жолдады. Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget