АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жұмада, 10 шілдеде, ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.
"Иран Ислам Республикасы бізден "келіссөздерді" жалғастыруды сұрады. Біз бұған келістік, алайда Америка Құрама Штаттары оларға атысты тоқтату режимі аяқталғанын ашық мәлімдеді", - деп жазды Ақ үй басшысы.
Сәрсенбіге қараған түні америкалдық әскерилер Иранға қарсы шабуылдардың жаңа толқынын бастады. АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) соққы беру туралы бұйрықтың тікелей Трамптан түскенін хабарлады.
Ирандық БАҚ Парсы шығанағындағы Абу-Мұса аралында, сондай-ақ, Ираншахр, Чабахар, Конарак, Сирик, Джаск, Бендер-Аббас және Аққала қалаларында жарылыстар болғанын хабарлады. Mehr агенттігінің мәліметінше, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Аққала аспанындағы жау нысандарына оқ жаудырған.
Axios порталының журналисі Барак Равидтің пайымдауынша, бұл жолы АҚШ Иранға жасалған соққылар ауқымын кеңейтіп, Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) жағалаудағы радарларына, кемеге қарсы зымыран позицияларына және ӘШҚ жүйелеріне шабуыл жасады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz