АҚШ өз азаматтарын Таяу Шығыс елдерінен шұғыл түрде кетуге шақырды

АҚШ өз азаматтарын Таяу Шығыс елдерінен шұғыл түрде кетуге шақырды
Фото: depositphotos.com

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио және Мемлекеттік департамент америкалықтарды Таяу Шығыс елдерінен дереу кетуге шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекеттік хатшының консулдық мәселелер жөніндегі көмекшісі Мора Намдар мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ азаматтарына қолжетімді коммерциялық рейстерді пайдалану және консулдық қызметтерден көмек сұрау ұсынылып отыр.

Тізімге Бахрейн, Мысыр, Иран, Ирак, Израиль, Газа секторы, Иордания, Кувейт, Ливан, Оман, Қатар, Сауд Арабиясы, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктері, сондай-ақ, Йемен кірген.

Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеран ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді.

Жексенбіге қараған түні Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи қайтыс болғаны жарияланды. 

Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы Америка базаларына шабуыл жасап жатыр.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп New York Times газетіне берген сұхбатында АҚШ әскери күштері қажет болған жағдайда Иранға шабуылды төрт-бес апта бойы жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget