АҚШ Мемлекеттік хатшысы Украинамен келіссөзден кейін Қазақстанның СІМ басшысымен сөйлесті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Украинамен келіссөзден кейін Қазақстанның СІМ басшысымен сөйлесті

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

"Сонымен қатар, жаһандық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты қоса алғанда, бірқатар маңызды халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты", - деп жазылған хабарламада.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары динамикасын қамтамасыз ету үшін тұрақты байланыстарды қолдауға келісті.

Айта кетейік, 11 наурызда АҚШ пен Украина Сауд Арабиясындағы келіссөздерді аяқтады. Олар бітімгершілік мәселесін талқылады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!