- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АҚШ Мемлекеттік хатшысы...
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Астанаға не үшін келгені белгілі болды
Астанада Премьер-министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесу өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бүгін түнде Астанаға ресми сапармен келді.
Осы күні Астанада Блинкен Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының С5+1 форматындағы министрлік кездесуіне қатысады.
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Кездесуде Орталық Азия елдерінің АҚШ-пен экономика, энергетика, қоршаған ортаны қорғау және терроризмге қарсы күрес саласындағы одан әрі ынтымақтастығы мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
Блинкеннің сөзінше, бұл оның Қазақстан мен Өзбекстанға Мемлекеттік хатшы ретіндегі алғашқы сапары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина