- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АҚШ Мемлекеттік хатшысы...
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Астанадағы ауа райы туралы айтты
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде сөйлеген сөзінде Астанадағы ауа райы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Энтони Блинкен Премьер-министрдің орынбасары - Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге осы күн үшін алғыс айтты.
"Біздің қарым-қатынысамыз туралы айтқаныңызға рақмет, сізбен кездескеніме, Қазақстанға келгеніме разымын. Сіз Вашингтонда болған кезде ауа райы жылырақ болды", - деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы.
Сонымен бірге ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлылығы үшін алғыс айтты.
"Біздің серіктестігіміз күшейіп, дамып келе жатқанын айтқым келеді. АҚШ Қазақстанның егемендігін бірінші болып мойындады", - деп қосты ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан