АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі кешке жоспарланған Иранға жасалатын соққылар күшін жойғанын мәлімдеп, Тегеранмен келісімге қол қойылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Иран Ислам Республикасымен келіссөздер Иранның жоғарғы басшылығына жеткізіліп, мақұлданғанын негізге ала отырып, Иранға соққы беру мен бомбалауды тоқтаттым", - деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Трамп түпкілікті тармақтарды барлық мүдделі тарап мақұлдағанын айтты: ол Израильді және делдал елдер тобын атады, бірақ Иранды атаған жоқ.
Ақ үй басшысының жаңа мәлімдемесі Иранға өте қуатты соққы жасалатынын айтып, елдің негізгі мұнай инфрақұрылымын бақылауға алуға уәде бергеннен кейін бірнеше сағат өткен соң жарияланды.
Бейсенбіде Вашингтонда журналистерге берген сұхбатында Трамп АҚШ Иранмен соғысты аяқтауға келіскенін, тек келісімге қол қою қалғанын мәлімдеді.
Трамптың айтуынша, құжаттарға қол қойылғаннан кейін Тегеран Ормуз бұғазын ашады. Оның сөзінше, келісім өте жақын арада, демалыс күндері Еуропада жасалуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ Иранға қайта соққы жасай бастағаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова