АҚШ Иранға қайта соққы жасай бастады

АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға соққы жасай бастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәлімдемеде бұл соққы "Бас қолбасшының тапсырмасы бойынша Ирандағы бірнеше нысанға қарсы өзін-өзі қорғау мақсатында" жасалып жатқаны айтылған.

"Бұл соққылар - Иранның негізсіз және әлі де жалғасып жатқан агрессиясына берілген жауап", - деп мәлімдеді Centcom.

Американың лауазымды тұлғалары жаңа соққылардың мақсаты Тегеранға қысым жасап, келісімге қол қоюға мәжбүрлеу екенін айтады, бірақ бұл соққылар әскери шиеленіс өршу қаупін де тудырады.

Axios мәліметінше, Америка Иран тарапынан жауап күтеді.

Иранның Tasnim ақпарат агенттігі әскери дереккөзге сілтеме жасап, "қатаң шаралар" қолданылатынын мәлімдеген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!