АҚШ, Иран және басқа да елдер қақтығысты реттеудің алғашқы кезеңі ретінде 45 күн атысты тоқтату режимін енгізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Axios порталына сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, қазір екі кезеңнен тұратын жоспар талқыланып жатыр. Бірінші кезеңде 45 күндік уақытша бітім орнату ұсынылады, бұл аралықта тараптар түпкілікті бейбіт келісімнің шарттарын келісе алады. Қажет болған жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.
Екінші кезеңде қақтығысты толық тоқтататын келісімге қол қою көзделеді.
Мәліметке сүйенсек, АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі кейінгі күндері Иранға бірнеше ұсыныс жолдаған, алайда ирандық тарап әлі ешқайсын қабылдаған жоқ.
Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеран ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді.
Кейін Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы Америка базаларына шабуыл жасады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!