- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АҚШ ғалымы: Туберкулез...
АҚШ ғалымы: Туберкулез екпесі коронавирустан құтқарады
АҚШ эпидемиологтары COVID-19 инфекциясы тараған елдерге зерттеу жасай келе, туберкулезге қарсы БЦЖ екпесі салынған ел азаматтары коронавирустан аз зардап шегетінін айтады. Зерттеу нәтижесі medRxiv порталында жарияланған.
- Туберкулезге қарсы БЦЖ екпесін жасатпаған Италия, Нидерланды, АҚШ сынды елдер COVID-19 инфекциясынан, әсіресе, көп жапа шегуде, - дейді ғалымдар.
Ғалымдардың тұжырымынша, БЦЖ екпесі – вирустың тарауын тоқтататын, оған қарсы ем бола алатын вакцина. Әрі коронавируспен күресудің басты құралы бола алатын көрінеді.
Ғалымдардың мұндай ойға келуіне БЦЖ екпесін жасатқан елдердің коронавирустан аз зардап шеккені дәлел болған. Мәселен, туберкулезге қарсы екпе жасатпаған АҚШ, Иран, Италия, Бельгия, Нидерланды, басқа да еуропа мемлекеттерінде коронавирустан көз жұмғандардың саны көп те, туберкулезге қарсы екпе жасатқан елдерде өлім-жітім аз. Мәселен, Бразилияда коронавирус жұқтырғандар көп болғанымен, көбі жазылып кетуде. Ал Бразилия экономикалық жағынан кедей мемлекет әрі тұрғындарын аурудан қорғау үшін туберкулезге қарсы екпені көптен бері қолданып келеді.
Одан бөлек, Қытайдағы коронавирустың тез тарап кетуіне де туберкулезге қарсы екпенің уақытша тоқтатылып қалуы себеп болған. Қытай азаматтарына 1950 жылдары туберкулезге қарсы екпе жасалғанымен, 1966-76 жылдары «мәдени төңкеріс» кезінде екпе жасау тоқтатылып қалған кеді.
Зерттеу авторы Аарон Миллердің ойынша, Қытайда коронавирустың алғашқы толқыны кезінде зардап шеккендердің көбі – мәдени төңкеріс жылдары екпе жасалмай қалғандар екен.
31 наурыз күнгі деректерге көз жүгіртсек, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 786 мыңға жуықтады, сауығып шыққандардың саны 165 мыңнан асты.
Қ. Слямбек