- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АҚШ елшісі Алматыдағы...
АҚШ елшісі Алматыдағы биозертхана төңірегіндегі қауесетке қатысты пікір білдірді
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Даниэль Розенблюм Алматыдағы биозертхана төңірегіндегі қауесеттерге пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ресей мен Беларусь Алматыдағы биолаборатория туралы жиі айтады. Олардың пікірінше, биоқару жасалып жатыр. Бұл туралы пікір білдіре аласыз ба" - деп сұрады журналист елшімен кездесуде.
"АҚШ-тың Қазақстанда және бұл аймақта кейінгі 30 жылда жасаған барлық ісі Үкіметпен серіктестікте және олардың рұқсатымен өтіп жатыр. Әрине, (келісімдер бар - еск.) жаппай қырып-жою қаруын таратпау туралы да. Ал бұл - арандатушылар тарапынан жасалып жатқан шабуылдар. Олар Қазақстанның да, басқа да елдердің үкіметтерін алдауға болады деп ойлайды. Менің ойымша, бұл Қазақстанды ғана емес, Грузия, Украина және басқалардың да үкіметін қорлайды. Бұл - әлемдік тәжірибе, қазір барлығы жаппай қаруды таратпаумен айналысады", - деп сендірді Розенблюм.
Айта кетейік, кейінгі жылдары шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде АҚШ-тың биозертханасында биологиялық қару жасап жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Осы және басқа да қауесеттерді factcheck.kz порталының сарапшылары жоққа шығарған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова