Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұйымдастырушы кеңсесіне Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер бойынша орынбасары Томас Альфред Шеннон басқарған АҚШ делегациясы келді. Алдымен америкалық дипломаттар ЭКСПО павильондарын аралап шықты, кейіннен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті. Бұл туралы expo2017astana.com сайтында жарияланды.
«Мен кеше кешкісін Астанаға келген болатынмын. Бұл менің алғашқы ресми кездесуім, демек бұл біздің ниетімізді көрсеткен нақты жолдау деп ойлаймын. Біз ЭКСПО-2017 қатысатын боламыз. Жаңа ғана АҚШ орналасатын павильонды көрдім. Тамаша ғимарат, таңғажайып павильон» - Томас Альфред Шеннон.
АҚШ Мемлекеттік хатшыcының орынбасары атап өткендей, ЭКСПО АҚШ қарым-қатынас арасындағы маңызды элемент ретінде қарастырылуда. Қазақстан үшін бұл жаһандық, оның ішінде энергетика облысындағы ойыншы ретінде көрінетін үлкен мүмкіндік.
Өз кезегінде, Ахметжан Есімов АҚШ-тың Көрмеге қатысудағы маңыздылығын атап өтті. «Биылдың өзінде мен 2 мәрте АҚШ-та болдым. Баламалы энергия көздерін пайдалану бойынша қаншалықты қарқынды жұмыс атқарылып жатқандығын білемін. Бұл жаңа технология мен заманауи ғылыми жасампаздықты дамыту бойынша алдыңғы қатарлы мемлекет» - деді ұлттық компанияның Басқарма төрағасы.
Кездесу соңында АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу бойынша процедуралық мәселелерді мейлінше жылдам шешуге тырысатындығын айтты.
Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр.
Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.