АҚШ-тың FDA (Азық пен дәрі-дәрмекті бақылау) басқармасы медициналық таблеткаларды 3D-принтерде басып шығаруға рұқсат берді. Мұндай мүмкіндікті Aprecia Pharmaceuticals фрамацевтикалық компаниясы жүзеге асыратын болды. Алғашқы басылатын дәрі эпилепсияға шалдыққан науқастар үшін дайындалмақ.
Spritam атауына ие болған таблетка эпилепсияны емдейді. Суда тез еритіндіктен, тамағы ауыратындарға қиындық тудырмайды.
Зерттеуші фармацевттер үш өлшемді басылымның мүмкіндігіне таңданып отыр. Бұл әдіс әрбір науқасқа жеке-жеке дәрі дайындау үшін қолданылмақ. Себебі, кез келген дәрі бір аурумен ауыратын екі науқасқа екі түрлі әсер етуі әбден мүмкін.
FDA үш өлшемді басылымның мүмкіндігін осыған дейін де жоғары бағалаған. Айта кетсек, АҚШ-та медициналық құрылғыларды 3D-принтерден шығару әлдеқашан жолға қойылған.