АҚШ бірпартиялы мемлекетке айналуы мүмкін. Бұл туралы кәсіпкер Илон Маск X желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Масктың айтуынша, Америка үшін тым көп иммигрант - қауіп.
"Радикал солшылдар сайлауда жеңіске жету және Американы бірпартиялы мемлекетке айналдыру, сол арқылы кез келген демократияны жою мақсатында алаяқ мемлекеттік бағдарламаларды баяғыдан бері пайдаланып келеді: олар заңсыз (ал кей жағдайларда заңды) иммигранттарды көптеп кіргізіп, елде ұстап қалады", - делінген оның жазбасында.
Миллиардер сондай-ақ: "Мұның мән-жайына тереңірек үңілген сайын, салық неге жұмсалып жатқанына және егер мұның жолы кесілмесе, даусыңыздың ешқандай мәні қалмайтынына одан көз жеткізесіз", - деп атап өтті.
"Мысалы, Миннесота штатындағы сомалилік сайлаушылар блогы. Бұл штатта тарихи тұрғыда Конгреске сайланған бірде-бір сомалилік болмаған, алайда дәл солар Ильхан Омарды АҚШ Конгресіне өткізді", - деді Маск.
Ол мұндай жағдай Еуропада, Ұлыбританияда, Канадада, Аустралияда және Жаңа Зеландияда да байқалатынын қосты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz