Америка Құрама Штаттары бірқатар елдің тауарына 12,5 пайыз мөлшерінде қосымша баж салығын енгізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Меморандумға АҚШ президенті Дональд Трамп 23 шілдеде қол қойды. Жаңа шаралар Қазақстанға және 59 елге, соның ішінде Қытай, Ресей, Аустралия, Бразилия, Израиль, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктеріне қатысты болмақ.
Тізімдегі елдердің көпшілігіне, соның ішінде Қазақстанға 12,5 пайыз мөлшерінде қосымша баж салығы белгіленді. Ол тиісті тауарға қолданылатын қолданыстағы америкалық импорттық баж салығына үстеме ретінде есептеледі.
Жаңа ережелер 2026 жылғы 24 шілдеден бастап АҚШ-қа тұтыну үшін әкелінген немесе кедендік қоймадан шығарылған тауарларға қолданылады.
17 елге 10 пайыз көлеміндегі қосымша баж салығы белгіленді. Олар: Аргентина, Бангладеш, Камбоджа, Канада, Эквадор, Сальвадор, Гватемала, Гондурас, Үндістан, Индонезия, Иордания, Малайзия, Мексика, Пәкістан, Шри-Ланка, Ұлыбритания, сондай-ақ, Тринидад пен Тобаго.
Еуропалық Одақ пен Тайвань үшін жалпы мөлшерлеме әдеттегі америкалық баж салығын ескергенде, 10 пайыздан аспауға тиіс.
Меморандумда өнімдердің кейбір санаттары қосымша алымнан босатылатыны айтылған. Ол мына шикізат пен тауарларға қарастырылған:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!