АҚШ азаматы Германияда Қытайға тыңшылық жасады деген айыппен қамауға алынды

АҚШ азаматы Германияда Қытайға тыңшылық жасады деген айыппен қамауға алынды
Фото: depositphotos.com

Германияның Федералдық қылмыстық полиция басқармасы Майндағы Франкфуртте 37 жастағы американдықты Қытайдың пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен қамауға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Оның жақында Гессендегі АҚШ әскерінде жұмыс істегені анықталды. Айта кетейік, күдікті әскери қызметкер емес, Германиядағы АҚШ қарулы күштеріне қызмет көрсететін жеке компанияның қызметкері.

Карлсруэ федералдық прокуратурасының мәліметінше, қамауға алынған азамат бір жыл бойы Қытайдың мемлекеттік органдарымен байланыста болып, оларға Германиядағы америкалық әскерилер туралы құпия ақпарат ұсынып келген деп күдіктенуге негіз бар.

"Бұл іс бойынша тергеу Конституцияны қорғау федералды басқармасының қарсы барлау департаментінің тұжырымдарына негізделді", - делінген материалда.

Ұсталған адам енді Федералдық соттың тергеу судьясының алдына келуі керек, ол оны қамауда ұстауды жалғастыру немесе жалғастырмау туралы шешім қабылдайды.

Басылым бұл Қытай барлауында жұмыс істеген күдіктілердің ұсталуы бірінші рет емес деп жазады. Осылайша, қазан айының басында Германияның Лейпциг қаласында Қытай азаматы қару-жарақ жеткізілімі туралы ақпарат таратқан деген күдікпен ұсталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева