- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АҚШ әуежайында жолаушылар...
АҚШ әуежайында жолаушылар мінген ұшақ өртенді
АҚШ-тағы Майами халықаралық әуежайында бортында 126 адам отырған ұшақ өртенді, - деп хабарлайды NBC Miami арнасы.
Басылым мәліметінше, өрт ұшақ қонғанда ішіндегі шассидің құлап кетуінен басталған. Авиация департаментінің өкілі Red Air рейсі Доминикан Республикасының Санто-Доминго қаласынан келген.
Plane crash just a few minutes ago at Miami airport caught on camera! (Credit: @PTZtv ) pic.twitter.com/2CimvMhcUy
— WeatherGamer21 (@WeatherGamer21) June 21, 2022
МД-82 лайнерінің бортында 126 адам болған, оның үшеуі жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Басқа жолаушылар автобуспен ұшақтан терминалға жеткізілді.
#BREAKING: Reports of a plane – arriving from Santo Domingo at Miami International Airport – has caught on fire after its landing gear collapsed. pic.twitter.com/joBXTtGbyJ
— Moshe Schwartz (@YWNReporter) June 21, 2022
Өртсөндірушілер мен құтқарушылар ұшақтағы өрт тез арада ауыздықталып, жанармай ағуы тоқтағанын айтты.
Г. Досымшалова