АҚШ-тың Сиэтл/Такома халықаралық әуежайында Japan Airlines ұшағы Delta Air Lines ұшағына соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Newsweek-ке сілтеме жасап.
Әуежай Вашингтон штатында, Сиэтл мен Такома қалаларының арасында орналасқан. Ол - Сиэтл қаласының орталығынан оңтүстікке қарай шамамен 23 шақырым жерде орналасқан және Тынық мұхитының солтүстік-батыс аймағындағы ең үлкен әуежай.
Федералдық авиация әкімшілігі (FAA) басылымға ұшақтардың әуе қозғалысын басқару органдары бақылай алмайтын аймақта болғанын хабарлады.
Оқиғаға байланысты FAA әуежайдағы кейбір рейстерді уақытша тоқтатты.
Агенттік оқиғаны тергеуді жалғастыратынын айтты.
Delta Air Lines бұл оқиға кезінде компания ұшағы мұздан тазартуға кезекте тұрғанын түсіндірді.
"Экипаж бен жолаушылар арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", - делінген әуе компаниясының хабарламасында.
Куәгерлер X әлеуметтік желісінде Japan Airlines ұшағы Delta Air Lines ұшағымен соқтығысқаны түсірілген видеоны жариялады.
So, we were sitting on the tarmac at SeaTac and another plane ran into us, just casually sliced into our tail. Very scary. #Seattle pic.twitter.com/MrhQRi8Yvb
— jackie (@jacqpatton) February 5, 2025
@Delta @Japanairlines @fox13seattle @KIRO7Seattle Both planes bump to each other at SeaTac Airport Now! What's going on with Aviation? pic.twitter.com/R5Bh8UMtB7
— FelipeOFFICiAL (@FelipeLeos) February 5, 2025
Сиэтл/Такома әуежайының әкімшілігі өртке қарсы, полиция және әуежай бөлімшелері оқиға кезінде дереу әрекет еткенін айтты. Жолаушылар эвакуацияланып, терминалға жеткізілді.
"Оқиға әуежай жұмысына айтарлықтай әсер етпеді, өйткені ол жермен жүру жолында болды", - деп хабарлады әкімшілік.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лес