• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

АҚШ Алматыдағы “қымбат жер учаскесін“ жалға алады: бұған қанша төлемек?

АҚШ Алматыдағы “қымбат жер учаскесін“ жалға алады: бұған қанша төлемек?
Фото: depositphotos.com

Алматыда АҚШ консулдығы салынады. Бұл туралы Мәжілісте айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Келісім туралы

Мәжіліс депутаттары Алматы қаласында АҚШ консулдық мекемесін салу үшін АҚШ үкіметіне жер телімін жалға беру туралы Қазақстан-Америка үкіметаралық келісімін ратификациялады. Құжатқа 2024 жылғы 27 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында қол қойылған. Шарттың ережелері жер учаскесін беру тәртібі мен шарттарын анықтайды.

Берілетін жер туралы не белгілі?

Жер телімінің ауданы – 70 593 шаршы метр, жалдау мерзімі – 49 жыл. Жалдау ақысы - 25,3 миллион АҚШ доллары және келісім енгізілген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде бірыңғай төлеммен төленеді.

Келісімге сәйкес АҚШ үкіметі жер учаскесі мен консулдық ғимаратқа салық пен басқа төлемдерді төлеуден босатылады.

"Ғимаратты салу және жабдықтау үшін АҚШ-та өндірілген материалдарды, жабдықтар мен тауарларды пайдалана алатын АҚШ мердігері бас мердігер болады. Олар кедендік төлемдерден, импорт салықтарынан және рұқсат алу талаптарынан босатылады", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget