Батыс Қазақстан облысында төбелес пен атыс болған оқиға видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД"-қа сілтеме жасап.
Ақсайдағы аулалардың бірінде түсірілген видеода ер адамдар ерегісіп жатқанын, содан кейін олардың бірі қашып, қалғандары оны қуып жеткенін көруге болады. Бір кезде оқ атылған.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Газ қаруын қолдану арқылы жасалған бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Істің мән-жайын толығырақ анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аудандық прокуратура жазбаша нұсқау берді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ", - деп хабарлады БҚО полициясы.
Полиция басқа ақпаратты тергеуге байланысты таратқан жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!