- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақсайда ер адам...
Ақсайда ер адам дүкен кассасындағы әйелдің саусағын кесе жаздады
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында мас ер адам қаладағы дүкендердің біріне кіріп, сатушысын пышақпен қорқытқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол дүкенде тұрған әйелден кассадағы ақшаны беруін талап еткен. Әйел адам оның айтқанын орындаудан бас тартқан кезде ол қоқан-лоқы көрсетіп, оның қолын жарақаттаған.
Күдікті ақша алу мүмкін болмайтынын түсініп, дүкеннен бірнеше тауарды алып, қашып кеткен. Ол ізін суытпай ұсталды, ол 42 жастағы тұрғын екені анықталды.
Аталған фактіге сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Келтірілген шығын сомасы - 4 099 теңге. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан