Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қоғамдық бақылауға қатысты жиын өткізді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қоғамдық бақылауға қатысты жиын өткізді

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын талқылау мақсатында "Қоғамдық бақылау: мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері және заңнамалық бекіту" атты онлайн-жиын өтті. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен дөңгелек үстелге орталық және жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестердің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар мен мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатыстып, қоғамдық бақылаудың жемқорлықпен күреске әсері, қоғамдық бақылаудағы халықаралық тәжірибе, "Қоғамдық бақылау" туралы заң талқыланды.

Министр Аида Балаева қоғамдық бақылаудағы мемлекеттік органдардың іс-қимылының маңызын айтты. Сонымен бірге Бану Нұрғазиеваны "Қазақстанның Азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті лауазымына тағайындады.

"Азаматтық альянс – барлық мемлекеттік органдардың сенімді серіктесі. Қазіргі таңда Қазақстан Азаматтық альянсы елдегі азаматтық белсенділіктің басты өзегіне айналып, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін негізгі элемент болатынына сенеміз" - деді Аида Балаева.

Альнстың жаңа президенті Бану Нұрғазиева мемлекет басшысының қоғамдық бақылау туралы заң жобасын әзірлеуге қатысты тапсырмасы мемлекеттік аппарат сапасының жақсару процесін көрсететінін және келешекте азаматтық сектордың дамуына жақсы әсерін ететінін айтты.

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын ілгерілетудегі маңызды қадамның бірі – қоғамдық бақылау. Себебі бұл тұжырымдама билік пен қоғам арасындағы өзара сенімді орнатуға әсер етеді. Қоғамдық бақылау – елдегі жемқорлықты болдырмаудың тетігі", - деді Бану Нұрғазиева.

Альянс басшысы аталған заң жобасын дайындауға Қазақстанның Азаматтық альянсы белсене қатысуға дайын екенін жеткізіп, қоғамдық бақылау туралы заң азаматтық қоғам институттары тарапынан бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай құқықтық тетігін құруға бағытталуы тиіс екенін айтып өтті.

Шараға қатысқан Қазақстан Ішкі істер министрлігі қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Қоғамов аталмыш заң жобасын дайындағанда қоғамдық бақылаудың шет-шегін айқындап алу керегін айтты.

"Мен халықаралық тәжірибелерді, соның ішінде Ресей Федерациясының заңнамасын жіті зерттедім. Қоғамдық бақылауға қатысты элементтері бар заңнамалық актілерді зерттей келе олардың әртүрлі сипаты бар екенін мәлімдеймін. Субъектілер мен объектілерді, сонымен бірге қоғамдық бақылау формаларын айқындау – аса маңызды мәселелердің бірі. Соның ішінде журналистік зерттеу мәселесіне жеке тоқталу керек. Мемлекеттік органдар қоғамдық бақылау субъектілерінен басын ала қашуға мүмкіндік бермейтін іс-қимылдардың заң негізінде қарастыру қажет. Заңнаманы дайындау кезінде қоғамдық бақылаудың шет-шегін нақты бекітіп алу керек", - дейді Марат Қоғамов.

"Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры" қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова қоғамдық бақылау туралы заңнаманы дайындауға қатысуға ниет білдіріп, қоғамдық бақылауға қатысты мәселелерді нақты реттеп отыратын бірыңғай заң болуы керек екенін айтты.

ң алдымен қоғамдық бақылаудың субъектілері – жеке тұлғалар. Оның негізінде азаматтық белсенділігі бар, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдардың жанындағы қоғамдық кеңестер, қоғамдық комиссия бақылаушылары, консультативті органдар, әрекеттері заңға қайшы келмейтін азаматтар тұруы қажет. Бұл тізімді кеңейтіп, қоғамдық бақылаудың объектілерінің де тізімін ұзартқан абзал. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың ғана емес, квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, денсаулық сақтау басқармалары мен жеке мүлік формаларының, жұмыс берушілердің, жеке және заңды тұлғалардың – яғни мемлекеттік бюджеттен ақша алатын, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындайтын, монополиялық орында тұрған нарықтардың субъектілері болуы қажет", - дейді ол.

Еске салайық Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдау жасап, онда мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыру керек екенін айтты. Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сек­тор­дың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын "Қоғамдық бақылау туралы" заң дайындап, қабылдауды тапсырған еді.

Massaget