Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі екі жаңа порталды іске қосты. Оның бірі – мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы, екіншісі – мемлекеттік БАҚ порталы.
Мемлекет бағдарламаларының жүзеге асуын, оның барысы мен кезеңдерін ақпараттандыратын, бір ресурсқа біріктіретін мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы мультимедиялық нұсқаулықтарды, инфографика мен түрлі форматтағы медиаматериалдар жариялайды. Ресурстың контенті үнемі жаңартылып отырады, алдағы уақытта Youtube-тегі видеохостингінде де контент жасалмақ.
Ал мемлекеттік БАҚ порталы еліміздің барлық өңірінен тараған ресми ақпаратты, орталықтағы мемлекеттік органдар жұмысы мен жаңалықтарын таратып, ақпарат береді. Бұл БАҚ оқырмандар мен журналистерге негізгі дереккөз бола алады. Мұнда сонымен бірге кәсіби журналистердің блогы, мемлекеттік БАҚ топтамасы, мемлекеттік бағдарламалардың құжаттары бар.