Синоптиктер 1 ақпанда елдің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысында жолдарда көктайғақ сақталады. Облыстың шығысында, орталығында тұман түседі.
Ұлытау облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші түнде 15-20, облыстың орталығында секундына 23 метрге жетеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар мол жауады, таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе қар) мол түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстік-батысында секундына 15-20 метрге жетеді.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!