Синоптиктер ақпанда ауа райы қандай болғанын айтты. Бұл айда рекорд көрсеткіштер тіркелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақпанның бірінші онкүндігінде Қазақстанның барлық аумағында айтарлықтай күн жылынды, температуралық режимде де, жауын-шашын мөлшері бойынша да рекордтар болды.
8 ақпанда Ақтау метеостанциясында ең жоғары ауа температурасы, яғни +11,8 градус тіркелді, 2004 жылғы (+11,1°С) рекорд жаңарды. Атырау (Атырау облысы) бойынша абсолюттік максимум +10,0 градус болды, осылайша 2020 жылғы (+9,4°С) рекорд жаңарды, Оралда температура +2,8 градусқа жетті, осылайша 1958 жылғы (+2,4°С) рекорд жаңарды.
Қызылордада ең жоғары ауа температурасы +14,5 градус болды, 2020 жылғы рекорд (+12,5°С) жаңарды, Павлодарда (Павлодар облысы) абсолюттік максимум +4,1 градус болды, осылайша, 2015 жылғы (+3,4°С) рекорд жаңарды, Түркістанда (Түркістан облысы) +16,8 градус болып белгіленді, осылайша 2006 жылғы (+15,4°С) рекорд жаңарды, дегенмен жалпы Түркістан облысы бойынша бұл күні +20 градусқа дейін жылынды.
10 ақпанда Ақтауда абсолюттік максимум +11,4 градус болды, осылайша 1990 жылғы (+11,1°С) рекорд жаңарды, Алматыда абсолюттік максимум +15,4 градус болды, 2015 жылғы (+14,4°С) рекорд жаңарды, Жезқазғанда (Ұлытау облысы) термометр бағаны +2,8 градусқа жетті, 1996 жылғы (+2,6°С) рекорд жаңарды.
Қарағандыда (Қарағанды облысы) ауаның ең жоғары температурасы +4,5 градус болды, осылайша 1946 жылғы рекорд (+2,9°С) жаңарды, Қызылордада (Қызылорда облысы) күн +15,0 градусқа дейін жылынды, 1996 жылғы (+12,6°С) абсолюттік максимум жаңарды, Павлодарда (Павлодар облысы) ауаның ең жоғары температурасы +4,8 градус болып тіркелді, бұл 1999 жылғы рекордтан жоғары болды (+2,4°С), Семейде (Абай облысы) абсолюттік максимум +5,6 градус болды, осылайша 2020 жылғы (+3,7°С) рекорд жаңарды.
Ақпанда республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан 1,3-6,6 есе көп болды.
Ал елордада 9 ақпанда термометр бағанасы +4 градусқа жетті, 2004 жылғы рекорд жаңарды (+1,1°С), ал ең төменгі ауа температурасы 16 ақпанда -33,2 градус болып тіркелді. Бір айдағы орташа ауа температурасы -13,5 градус болды, бұл норма шамасында болды (қалыпты температура: -13,6 градус).
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!