"Қазгидромет" ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақпан - жылдың ең құбылмалы айларының бірі, бұл айда ауа температурасы күрт өзгереді.
Ақпанның басында солтүстік-батыс циклоны әсерінен жауын-шашынды, бұлтты ауа райы, соның ішінде қар, жаңбыр, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болжанады. Қазақстан аумағында екпінді жел, тұман және көктайғақ құбылыстары күтіледі. Республиканың басым бөлігінде ақпанның алғашқы күндері ауа температурасы төмендейді:
Бірінші онкүндіктің екінші жартысында Салехард аудандарынан ығысатын суық антициклон әсерінен Қазақстанда ауа температурасы төмендейді:
Ақпанның екінші және үшінші онкүндіктерінде қар жауады, тұман мен көктайғақ күтіледі. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін.
Ауа температурасы да төмендейді:
Кейін Қазақстанның солтүстік жартысында күндіз -5+3°С дейін, елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында күндіз +5+15°С дейін жоғарылайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!