"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбені салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз