Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы министрлер кабинетінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізіп жатыр. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы он айының қорытындысы жайлы баяндаманы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев жасады.
"Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құнын ұстап тұруға ерекше назар аударылып жатыр. Бүгін елдің барлық өңірінде ұлттық экономика министрлігі дәрілік құралдарды, жанар-жағармай материалдарын және өндіріс тауарларын жеткізу бойынша баға келісіміне 74 тергеуді тағайындады. Бағаның негізсіз көтерілуі мәселелері үкімет пен әкімдердің әрдайым бақылауында", − деп хабарлады Досаев.
Ұлттық экономика министрі келесі мәліметтерді келтірді: Қазақстанның биылғы тоғыз айы экспорты 42,5 пайызға, ал импорты 23,8 пайызға қысқарды. Теңге бағамының әлсіреуіне байланысты қазан айында инфляция 5,2 пайызды құрады, ал жылдық мөлшерде − 9,4 пайыз болды. Республикада жұмыссыздық деңгейі тоғыз айдың қорытындысы бойынша 4,9 пайызды құрады.
Айта кетейік, таяуда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесінің дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Дереккөз: tengrinews