Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухты қарсы алу рәсімі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, 20-23 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
"Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланады", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз