Ақорда резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы Қазақстан Президенті мен Малайзия премьер-министріне рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.


Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим келіссөз залына барды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова