- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақордада күтпеген жайт...
Ақордада күтпеген жайт болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мобилографы Астанаға Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық кеңес төрағасының кездесуіне қатысуға келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист Әділ Балтабаев Telegram-арнасында видео жариялап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен кездесуінде болған оқиғаны айтып берді.
Видеода Қырғызстан президенті делегациясының мүшелерінің Ақорда ғимаратына кіріп үлгергені, ал Жапаров Тоқаевпен қол алысуға асығып бара жатқанда күртешесін шешуді ұмытып кеткенін байқауға болады. Көрші республика басшысы этикет ережелерін бұзбау үшін сырт киімін асығыс шешіп, Тоқаевтың мобилографына ұстата салды.
Еске салайық, 27 қазанда Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық кеңес төрағасының кездесуі өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек