Ақордада жаңа Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға дайындық жүріп жатыр

Ақордада жаңа Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға дайындық жүріп жатыр
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Ақордада Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға арналған салтанатты жиынға дайындық жүріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс беру қорытындысын жариялады. 

Референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны - 7 954 667 немесе дауыс беруге қатысқандардың 87,15 пайызы, референдумға шығарылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны - 898 099; жарамсыз деп танылған бюллетень саны - 146 558.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget