Ақорда ҰҚШҰ саммитінен суреттер жариялады

Ақорда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының Тәуелсіздік сарайына келген сәтін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі меймандарды қарсы алды.

Қонақтар қатарында Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та бар.

Эмомали Рахмон да Астанаға келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентін де қарсы алды.

Анықтама: Қазір ҰҚШҰ құрамына Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Ресей және Тәжікстан кіреді. 2026 жылға дейін ұйымның бас хатшысы қызметін Иманғали Тасмағамбетов атқарады.

Биыл ҰҚШҰ-ға төрағалық ету міндеті Қазақстанға өтті. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!