Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы өз шағын блогына аудиториясы жылдам қарқынмен өсіп жатқан әлемнің үкіметтік Twitter-аккаунттарының тізімін жариялады.
Ақорда твиттері AkordaPress рейтингте аудиториясы 118,4 пайызға өсіп, 16-орында тұр.
Тізімде барлығы 20 үкіметтік аккаунт бар. Бірінші орында жазылушылар саны 293,6 пайызға жетіп, Ауғанстан тұр. Екінші орында – Сауда Арабиясы үкіметінің Twitter-і, оның аудиториясы 215,4 пайызға өскен.
Үшінші орынды жазылушылар саны 212,8 пайызға жеткен Үндістан иеленген. Бұған 2014 жылғы маусым мен 2015 жылғы наурыз аралығы есептелген.
Ақорда твиттері 2012 жылғы шілдеде ашылған. Аккаунтқа жазылғандар саны 102 мыңнан асады. Шағын блогта 2977 мың пост жарияланған.
Дереккөз: Казинформ