Ақорданың баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне қатысты хабарлама таратты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
17 мамырда Мемлекет басшысы 72 жасқа толады.
Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін атап өтпейтінін және осыған байланысты ешқандай іс-шара жоспарланбағанын мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай қандай да бір салтанатты іс-шаралар өткізу жоспарланбаған. Президент бұл күнді атап өтпейді", – деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Еске салайық, 2024 жылы да Президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев үшін 17 мамыр жай күн екенін мәлімдеген еді.
"Бұл - Президенттің ұстанымы. Оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін тойлау әдетке айналмаған", - деп жазылған бұған дейінгі хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз