Ақорда Тоқаевтың маңызды үндеуін жариялады

Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтарда Қызылордада өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойын ортаға салады", - деді Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары 2022 жылы Ұлытауда, 2023 жылы Түркістанда, 2024 жылы Атырауда, 2025 жылы Бурабайда өтті.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық құрылтай отырысы қашан өтетіні белгілі болды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!